Алматы СЭС-ы жабайы сауданың 40 нүстесін жойды
Алматыда мемлекеттік санэпидемқадағалау департаменті (СЭС) жабайы сауданың 40 нүктесін жойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. |
«Өткен аптада жабайы сауданың 43 нүктесі анықталып, оның 40-ы жойылды. Ұсақ сауда желісінің 52 нысаны (дүңгіршектер) жұмыс істеп жатыр. Азық-түлік дүңгіршектерін жоюда көмек көрсету үшін Алмалы, Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандарының әкімдіктеріне ақпарат жолданды. 2 айыппұл салынды. Әуезов ауданындағы бір дүйгіршектің қызметін тоқтату туралы материал сотқа жіберілді», - делінген дүйсенбі күні таратылған ақпаратта.
Сондай-ақ, 8 базардың маңайы тексерілді. Жабайы сауданың 39 орны анықталып, жойылды, соның ішінде: қозғалатын арбалардан көкөніс пен жемістер, нан-тоқаш өнімдерін сату, сүт өнімдерін, самса, кондитер өнімдерін сату, аппараттан жұмсақ балмұздақ сату, контрафакт өнімдер сату, халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік өнімдерін даналап сату.
Сондай-ақ, Алматы СЭС-ы сауда орындарына Еуропадан жеткізілген көкөністерді сату бойынша мониторинг жүргізеді. Қазіргі уақытта Алматы сөрелерінде Германия мен Испаниядан әкелінген көкөністер жоқ. Тексерілген көкөністерде энтерогеморрагиялық ішек таяқшасы табылған жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін