Алатау аудандық соты әлеуметтік желідегі екі интернет пабликтің жұмысын тоқтату туралы аудандық прокурордың өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс материалдарын қарау кезінде анықталғандай, онда жарияланған ақпараттар адамның өзіне қол жұмсауына итермелейді.
Алатау аудандық соты аталған шетелдік ресурстағы ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы деп тауып, интернет-қаумдастықтың Қазақстан бойынша таралуына тыйым салды.
Үкім заңды күшіне енді.