Алматы тағы да "сары" аймаққа түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тағы да "сары" аймаққа түсті

Алматы тағы да "сары" аймаққа түсті

Алматы коронавирустың таралу қарқыны бойынша тағы да "сары" аймаққа кірді.

  • 23 Желтоқсан 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарияланған кестеге сәйкес, Атырау облысы "қызыл" аймақта қалып отыр. "Сары" аймақта Алматыдан басқа Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Барлық қалған өңірлер — "жасыл" аймақта.

Еске салайық, 22 желтоқсандағы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 733 адам тіркелді, оның 88-і Алматы қаласының тұрғыны.


Елімізде барлығы 148 708 жағдай расталды.