Алматы тауларының бірінде турист көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.55
  • 563.38
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тауларының бірінде турист көз жұмды

Алматы тауларының бірінде турист көз жұмды

Алматы тауларының бірінде 61 жастағы турист қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша оның өліміне жүрек ұстамасы себеп болған.

  • 8 Тамыз 2021
  • 42
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 7 тамыз күні «Көкжайлау» шатқалынан 200 метр төменде, Медеу ауданына қарасты аумақта болған. Құтқару қызметіне хабарласқан туыстары марқұмның жүрек ұстамасы ұстағанын хабарлаған.

«1740 метр биіктікке жаяу көтеріле отырып, құтқарушылар сағат 12:30-да оқиға орнына жетті. Олар 1960 жылы туған ер адамның қайтыс болып кеткенін анықтады. Сағат 15:52-де құтқарушылар ер кісінің денесін түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды», — делінген Алматы ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ бірнеше сағат өткенде, яғни 18 :35-те ТЖД пультіне Бостандық ауданында 16-21 жас аралығындағы 4 қыз-келіншектің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

«Дереу құрамында 5 адам, 1 бірлік техника бар құтқару қызметінің құтқарушылары жіберіліп, олардың геолокациясы анықталды. Құтқарушылар Алмарасан шатқалында жоғалған адамдармен байланысқа шықты. Ал сағат 19: 50-де құтқарушылар жоғалғандарды қарсы алып, бекетке дейін аман есен өткізіп жіберді. Қыз-келіншектер медициналық көмекке жүгінген жоқ», — делінген хабарламада.

Алматы қаласының ТЖД туристерден таулы аймаққа шыққан кезде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:


— Тауға барарда өз күшіңізді бағытқа байланысты дұрыс есептеңіз. Дайындық деңгейі бойынша бағытты таңдаңыз.

— Тауға барар алдында жақындарыңызға нақты бағытты айтыңыз. Туыстарыңыз сізді қайда іздеу керектігін білуі керек.

— Тауларда соқпақтан шықпаңыз. Жолды қысқартуға тырыспаңыз.

— Егер бағыт бойынша көтірілу қиындаған жағдайда, артқа қарай төмен түсіңіз. Ең бастысы-оралу.

Құтқару қызметінің нөмірі – 109.