Алматы Тұңғыш Президент Паркінде топиарлық бақ пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы Тұңғыш Президент Паркінде топиарлық бақ пайда болды

Алматы Тұңғыш Президент Паркінде топиарлық бақ пайда болды

Алматыда Тұңғыш Президент Паркінде топиарлық бақ пайда болды. Бұл туралы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасынан хабарлад

  • 20 Мамыр 2016
  • 479
Фото - Caravan.kz

Басқарманың хабарлауынша, жазғы Алматының келбеті бұрынғыдан құлпыра түспек. 

Қалада қазір 250 мың шаршы метр аумақта гүлзарлар жайқалып тұр. Оның 77 мың шаршы метр аумағында маусымдық гүлдер егілген.

38 мың шаршы метр аумақта раушан гүлдері өсіп тұр.

Биылдың өзінде 4 895 шаршы метр аумақта розарий отырғызылды.

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент паркінде 1,2 га айумақта топиарлық бақ жайқалмақ.

Бақта «Жасыл пианист», «Саванна», «Геометрия», «Пластика» пішіндері пайда болды.


Табиғи ресурстар басқармасы қаланы көріктендіруге өз еркімен үлес қосып жүрген азаматтарды арнайы сыйлықтармен марапаттап, байқау өткізетіндігін хабарлады.

nullnullnull