Алматы тұрғындары 50 көшеге қалаған атауларын ұсына алады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тұрғындары 50 көшеге қалаған атауларын ұсына алады

Алматы тұрғындары 50 көшеге қалаған атауларын ұсына алады

Алматыда 170 көшенің аты өзгертілуі мүмкін. Мұндай бастама қала аумағына жаңа елді мекендердің енуіне байланысты көтеріліп отыр. Өйткені, бір мекенжай бір емес, бірнеше рет кездесетін жәйттар орын алуда, деп хабарлайды «МИР 24» телеарнасы.

  • 4 Мамыр 2014
  • 278
Фото - Caravan.kz


Осыған орай көшелердің атауларын өзгертуге байланысты енгізілген мараторийді алып тастауға тура келді. 

Қазір, Алматыда аттас көшелердің саны — 50. Тәуелсіздік жылдары оңтүстік астана қарқынды дамыды, көшелер көбейді. Осылайша, қалада сегіз көше Абай атымен аталып кеткен. Екі көше Мұхтар Әуезов атымен аталса, тағы бір екі көше Мәншүк Мәметова атымен аталады. Ал Ільяс Жансүгіров атындағы көшелердің саны 12-ге жеткен. Бұл жағдай әсіресе жедел қызметтерге көп қиындық туғызуда. Мысалы «жедел жәрдем» машиналары көп жағдайларда адасып кетіп, басқа көшеге барады. Науқастар өкінішке қарай, өз мекенжайларын ғана айтып, қандай ықшам аудан екендігін, көрші көшенің атауы қандай екендігін нақтылап жатпайды.

Дегенмен, бүгінде қаладағы барлық диспетчерлер мен «жедел жәрдем» машиналары жүргізушілерінің барлығы навигаторлармен қамтамасыз етілген. Оларға өте дәл жасалған карталар енгізілген. Қателіктер болмас үшін, диспетчерлер науқастан көше мен ауданның атауын нақтылап сұрап алады. Егер науқастар қосымша мағлұматтар беріп жатса нұр үстіне нұр. Алайда кенттерге қатысты шатасулар әлі де болып жатыр.

Көшелердің аттарын ауыстырумен айналысатын арнайы комиссия өз жұмысын осы мамыр айында бастайды. Қазір, Алматы аудандарының реттелігі нақтылануда. Мұнда үйлердегі тақтайшалар толығымен өзгертіледі. Бұл әрине көп жұмысты алады. Өйткені 160 көшенің атаулары бірдей. Ал жаңадан салынып жатқан ықшамаудандарда 50 көшенің тіпті атауы да жоқ. Сондықтан, бұл жерде жергілікті тұрғындар комиссияға өздерінің қалаған атауларын ұсына алады.

Көшелердің атауларын өзгерту жұмысы жыл соңына дейін жалғасады деп күтілуде. Жобаның бюджеті әзірге жария етілген жоқ. Дегенмен, бір көшедегі тақтайшаларды алмастыруға 5 мың доллар кететіні белгілі. Ал азаматтардың құжаттарын қайта рәсімдеуге қанша қаржы кететіндігін қала басшылығы әлі нақтылаған жоқ.