Алматы тұрғыны пәтерін хайуанаттар бағына айналдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тұрғыны пәтерін хайуанаттар бағына айналдырды

Алматы тұрғыны пәтерін хайуанаттар бағына айналдырды

Ит орнына қолтырауын. Елімізде қасқырдан кейін экзотикалық жануарларды асырау сәнге айналғандай. Мәселен, алматылақ Надежда Ступникова үйінде қолтырауын ұстап отыр. Әрине тек бұл ғана емес, түрлі шұбар кесірткелер мен жыландар үй ішін кезіп жүр. Осындай тіршілік иелерін асырау оның сүйікті ісі екен.

  • 23 Қаңтар 2015
  • 222
Фото - Caravan.kz

Бұл үйге кірсеңіз құдды бір зообақта жүргендейсіз. Бірақ бұл Надежда Ступникованың отбасымен бірге тұрып жатқан үйі. Осында олар жан-жануардың 40-тан астам түрін асырап отыр.

-Бұл  Генади. Варан. Водиной. Салмақты.

Осы сияқты шұбар кесірткелердің түр-түрі бар. Америка мен африка құрлықтарын мекендейтін бауырмен жорғалаушылар қолға да тез үйреніпті. Үй қожайыны олардың әрқайсысын есімімен атап, көкеністермен қоректендіреді екен.

-Мұнда кальций қостым.

Ең қызығы бұл үйде нағыз жыртқыштың өзі тұрады. Яғни, қолтырауын. Бірақ әзірге кішкентай. Айтуларынша, ол екі метрге дейін өседі екен. Сондықтан үй иесі оған арнап жаңа орын дайындап жатыр.

-Балық пен тышқан жейді.

Көрші бөлме де түрлі жануарлар мен құстарға толы. Қояндар, тышқандар, америкалық жанат, көгершіндер мен тиындар. Әрине, тек бұл ғана емес.

-Бұл негізінен оңтүстік Американы мекендейтін жылан. Осында тұрып жатқанына біраз уақыт болыпты. Қожайынның айтуынша, бұл бауырмен жорғалаушы еш қауіпсіз.

Надежда Ступникова күнде осы жануарларын бағады. Тамақ береді, астыларын тазалайды. Бұл оның сүйікті ісі екен. Енді болашақта маймыл алдыртып, өзге де жануарлардың түрін көбейтуді жоспарлап отыр.