Бұл видео Инстаграмда жарияланды. Олар адамдарды бір бағытқа жеткізгені үшін 200 теңге алып отыр.
Айта кету керек, оңтүстік астанада 3 күн қатарынан жауын жауып тұр. Соңғы екі аптада түскен жауын-шашын көлемі қалыпты нормадан асып кетті.
Салдарынан бірнеше жекеменшік үйді су алып, таудағы 30-ға жуық аймақта лай көшті.
Тіпті, метроның «Жібек жолы» стансасының вестибюлін де су алды.
Ауа райын болжаушылардың айтуынша, жаңбырлы ауа райы аптаның соңына дейін жалғасады.
Қалалық ТЖД тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.