ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Алакөл ауданында Алматы-Өскемен тас жолының 515-ші шақырымында 24 шілдеде сағат 09.50-де «Мазда-626» көлігін жүргзуші әйел «Ниссан-Премьера» көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан «Ниссан-Премьера» көлігінің 68 жастағы жүргізушісі мен оның 70 жастағы әйел жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, «Мазда-626» көлігінің жүргізушісі, 22 жастағы әйел мен оның 25 жастағы екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды.
Сондай-вқ, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында Мерке — Шу — Бурылбайтал тас жолының 250-ші шақырымында 24 шілдеде сағат 04.30-да «Volvo» көлігі «КамАЗ» жүк көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан «Volvo» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі мен оның 46 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырып, 21 жастағы екінші жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті