Алматы Жаңа жылға орай безендірілмейді - әкімдік - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы Жаңа жылға орай безендірілмейді - әкімдік

Алматы Жаңа жылға орай безендірілмейді - әкімдік

Алматы әкімдігінің өкілдері 2020 жылы жаңажылдық безендіруге ақша бөлмеу туралы шешім қабылдады. Алматы көшелерін безендіруге арналған қаражат басқа мақсаттарға жұмсалған.

  • 11 Желтоқсан 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Мәдениет басқармасының мәліметінше, биыл әкімдіктің негізгі бюджет қаражаты коронавирус инфекциямен күресуге бағытталды.

"Жаңажылдық шыршаларды орнатуға және көшелерді жарықпен безендіруге ақша бөлінбеді", — деді басқармадағылар.

Ведомство мәліметінше, былтырғы шыршалар 16 желтоқсаннан кейін қалпына келтіріліп, орнатылады.

"Биыл Алматы қаласының әкімдігі пандемияға байланысты ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізбейді. Соған қарамастан, мерекелік күндерге орай мәдениет басқармасының ведомствоға қарасты мекемелерімен 25 іс-шара ұйымдастырылды. Олардың көпшілігі онлайн форматта өтеді.

Ал дәстүрлі форматта ұйымдастырылған іс-шаралар барлық санитарлық норманы сақтай отырып, қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізіледі. Жаңажылдық отшашу да қарастырылмаған", — деді әкімдіктегілер.