Алматы ЖЭО-2 2026 жылдың соңына дейін газға көшіріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы ЖЭО-2 2026 жылдың соңына дейін газға көшіріледі

Алматы ЖЭО-2 2026 жылдың соңына дейін газға көшіріледі

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматыға жұмыс сапарымен келіп, жылу электр станцияларын тексерді. Сапар барысында Алматы ЖЭО-2 2026 жылдың соңына дейін газға көшетіні белгілі болды.

  • 3 Қараша 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке  сәілтеме жасап хабарлайды.

Министр "Алматы электр станциялары" АҚ ЖЭО-2 және "Алматытеплокоммунэнерго" ЖШС-нің "Орбита" қазандығында болды. 2-ЖЭО-да ол әкімдік пен "Самұрық-Энерго" АҚ өкілдерінің қатысуымен жылу беру кезеңінің өтуі бойынша үйлестіру штабының отырысын өткізді.

Алматы ЖЭО-2 өкілдері қазірдің өзінде газға көшіру бойынша мердігер анықталып, жұмыстардың басталғанын жеткізді. Бұл 2024 жылы басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Сондай-ақ, 2-ЖЭО-да №3 қазандық пен №1, 2 турбиналарына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Соңғы кезеңде №5 қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.