Алматы зообағында пневматикалық қарумен құстарды атпақ болған адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы зообағында пневматикалық қарумен құстарды атпақ болған адам ұсталды

Алматы зообағында пневматикалық қарумен құстарды атпақ болған адам ұсталды

Алматы зообағында пневатикалық қарумен қаруланған ер адам ұсталды.

  • 26 Маусым 2015
  • 275
Фото - Caravan.kz

Зообақ қызметкерлері оның құстарды атпақ болғанын байқаған. Бұл туралы зообақтың баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов хабарлады. 

Оның айтуынша, ұсталған адам қаруды балалардан тартып алғандығын айтып ақталған. Өткен жылы 2 бозбала осындай қарумен үйректерді атып жатқан жерінен ұсталған болатын.

Зообақ басшылығы осы жағдайлардан соң әр тордың алдында бір қызмкеткерден қойып, қадағалауды күшейтпек. Одан басқа қатаң шараларды тек құқық қорғау органдары ғана жүзеге асыра алады.


«Жануарларға жаны ашымайтын келушілердің қатарында оларды тамақтандыруға тырысатындар да бар. Келушілердің үлкен де, кішісі де оларға попкорн, жүгері, чипсы, кәмпит, алма беруге құмар. Олар кеткен соң қызметкерлер тордың ішінен түрлі қоқыс шығарады. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын өлген қолтырауынның ішінен ветеринарлар пластик құтылар, кәмпит, қағаз тауып алған. Оның өліміне осы себеп болуы да ғажап емес», — деді М.Сорокоумов.