Томирис есімді 5 жасар мына шимпанзе туғалы бері адамдардың қамқорлығымен өсіп келеді. Енесі туа сала өліп кеткен. Сондықтан, шимпанзеге тән қызуқандылық пен озбырлық бұл маймылда атымен жоқ. Осы тұрғыдан Томирис үшін теледидардың көмегі өте қажет. Көгілдір экран арқылы ол өз тұқымдастарының шынайы ортасы мен өмір сүру дағдысын көре алады дейді зообақ қызметкерлері. Мұндағы Африканың қап-қара шимпанзесінен бастап, жапон макакасына дейін маймылдың он шақты түрі бар. Олардың барлығы да теледидарды өте жақсы қабылдаған. Тордан-торға секіріп, ойнаудан шаршаған кезде жақтарын таянып теледидарға телміре қалады екен. Тіпті, әуенге әуестенетіндігі соншалық, қосылып ән шырқайтындары да жетіп артылады.
Шолпан Әбдібекова, Алматы хайуанаттар бағының қызметкері:
-Ол балалар сияқты көргісі келген кезде көреді, көргісі келмесе, ойнап жүре береді. Ал бірақ, жұмыс уақыты біткеннен кейін, 11-ден 3 жарымға дейін телевизорды қосып қоямыз, касетаны айналдырып қоямыз .