«Алматы-2-Алматы-1» жолында тепловоз ер адамды қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматы-2-Алматы-1» жолында тепловоз ер адамды қағып кетті

«Алматы-2-Алматы-1» жолында тепловоз ер адамды қағып кетті

«Алматы-2-Алматы-1» темір жолының  2 шақырымындағы өткелінде  

  • 16 Шiлде 2015
  • 408
Фото - Caravan.kz

«Алматы-2-Үрімжі» бағытындағы жолаушылар пойызының құрамындағы тепловоз

тыйым салынған жерде темір жолдан өткен 54 жастағы Алматы тұрғынын қағып кетті, деп хабарлады көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

Жапа шегуші алынған жарақаттар салдарынан сол жерде мерт болды. 14 шілдеде болған оқыс оқиға фактісі бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Брифингте темір жол көлігі қауіпті аймақ екені аталып өтілді. Бұған қарамастан, азаматтар қауіпсіздік техникасын сақтамайды, яғни пойыз келе жатқанына қарамай, белгіленбеген жерден өтеді. Осылайша  өздерін, жолаушылар мен темір жол қызметкерлерінің басын қауіпке тігеді.