Алматыда 10 компания салық төлемес үшін жалғандықпен өздерін банкрот деп жариялаған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 10 компания салық төлемес үшін жалғандықпен өздерін банкрот деп жариялаған

Алматыда 10 компания салық төлемес үшін жалғандықпен өздерін банкрот деп жариялаған

Алматыда жыл басынан бері кәсіпорындардың жалған банкроттығы туралы 10 сот шешімінің күші жойылды. Бұл туралы қалалық Салық департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдед

  • 17 Наурыз 2014
  • 449
Фото - Caravan.kz


Олардың қатарында «Каспий дасу» ЖШС, «АконТехТорг» ЖШС, «Даналык ЛТД» ЖШС,«AllianceMountains» ЖШС, «CommerceInvestmentCompany» ЖШС, «КомпанияПульсар» ЖШС, «Эмитиритэйл» ЖШС, «Synergy consulting» ЖШС,«ActualSystems» ЖШС, «Альтернативные финансы» ЖШС бар. Аталған дерек бойынша қаржы полициясы органдарымен қылмыстық іс қозғалды.
Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда Алматыда салық төлеуден жалтару үшін жалған кәсіпкерлікпен айналысу деректері жиі кездесіп отыр. Департамент қызметкерлері қалалық прокуратура мен экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызметкерлерімен біріге отырып кәсіпкерлердің салықтан жалтару бойынша әрекеттерінің жолын кесуде.
«Заң талаптарына сәйкес кәсіпорын қарыз берушілердің борышкердің қарызын төлей алмай жатқандығын айтып сотқа жүгінген жағдайда немесе борышкердің қарызын төлей алмайтындығы жайлы түсірген арызынан кейін ғана банкрот деп танылады. Алайда, кейбір «пысық» кәсіпкерлер жалған қарыз жасап, жалған кәсіпкерлермен жұмыс жасап ақшаны жылыстату арқылы салықтан жалтарып отыр», — делінген хабарламада.