Алматыда 1000 үй сүрілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 1000 үй сүрілмек

Алматыда 1000 үй сүрілмек

Алматыда Қазақ ұлттық зерттеу жобалау институтының мамандары қала билігіне мыңдаған үй сүруді талап ететінін жеткізді.

  • 17 Қыркүйек 2018
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Бүгінгі таңда сүруді талап ететін үйлердің саны 1000-ға жуық. Оларды бұзу бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Мәселен Жандосов көшесінің Алтынсарин мен Береговой көшелерінің арасындағы қосқабатты каркас пен қамыстан жасалған үйлер мен кірпіштен тұрғызылған бәкене үйлер сүріліп, олардың орнына 9-12 қабатты үйлер тұрғызылды», — деді ҚҰЗЖИ басқарушы директоры Ералы Шоқбаров.

Оның айтуынша, мұндай нұсқаулықтар Алматының барлық аудандары бойынша берілген.


«Өткен ғасырдың 30-40 жылдары аралығында салынған үйлер каркас пен қамыстан, ағаштан тұрғызылған. Олардың көпшілігі эксплуатациялық мерзімінен өтіп кеткен. Бұл үйлер қазіргі сейсмотұрақты құрылыс талаптарына сай келмейді», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар