Алматыда 13 секс-притон әшкере болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 13 секс-притон әшкере болды

Алматыда 13 секс-притон әшкере болды

Алматы полициясы секс-притондарды анықтау мақсатында рейд жүргізді.

  • 4 Желтоқсан 2023
  • 26
Фото - Caravan.kz

Өткен демалыс күндері Алматыда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері негізінен боди-массаж салоны атын жабылып жұмыс істейтін 13 секс-притонды анықтады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. 

Клиенттерге 51 қыз интим қызмет көрсеткені, оның 14-і Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары екені анықталды.

Шетелдік әйелдер полиция департаментінің қабылдау бөліміне орналастырылған.

"Жалпы, интим-индустрия қызметкерлеріне қатысты ӘҚБтК-нің 449-бабы және ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша 67 әкімшілік хаттама жасалды, ал жезөкшелікпен айналысу үшін көрінеу берілген үй-жайлардың иелеріне қатысты ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша 13 әкімшілік хаттама қозғалды", — деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.