Алматыда 13 жасар бала бір аптадан бері іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 13 жасар бала бір аптадан бері іздестіріліп жатыр

Алматыда 13 жасар бала бір аптадан бері іздестіріліп жатыр

Алматыда бір аптадан астам уақыт бұрын 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті.

  • 25 Наурыз 2021
  • 15
Фото - Caravan.kz

Оны іздестіру жұмстары әлі жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Еріктілердің айтуынша, 16 наурызда таңертең 2007 жылы туған Артем Зайцев үйден шығып кетіп, оралмаған.

"Ол шамамен 11.00-де ол Өтепов көшесіндегі үйден шықты. Белгілері: бойы — 165 сантиметр, дене бітімі орташа, қоңыр көзді, сары шашты. Ол қара-жасыл күрте, қара футболка, қара спорт шалбар және ақ аяқ киім киген", — дейді белсенділер. 

Алматы қаласы Бостандық ауданы полиция бөлімінің хабарлауынша, Зайцевтің жоғалып кетуіне байланысты іздестіру жұмыстары жүргізілуде. 

"Тергеу-жедел тобы құрылды, оның құрамына криминалдық, ювеналды полиция қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік инспекторлар кіреді. Баланың анасының айтуынша, ол үйден кетіп қалған. Қазір оны қала орталығындағы бірнеше ойын-сауық орындарында көргені туралы ақпараттар келіп түсуде. Жасөспірім қайыр сұрап жүрген көрінеді. Қазір барлық ақпарат мұқият тексеріліп жатыр. Баланың аман-сау табылуы маңызды. Егер жоғарыда аталған мәліметтер расталса, біз міндетті түрде баланы өз бақылауымызға алып, профилактикалық жұмыстар жүргіземіз", — деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы, подполковник Думан Аухадиев.

Артём Зайцевтің қайда екендігі туралы кез келген ақпаратқа ие адамнан анасы Светланаға 8 707 582 31 96 нөміріне немесе полицияға 102 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз.


Соңғы жаңалықтар