Алматыда 2 күн ішінде қоғамдық көліктер 366 рет жол ережесін бұзды
![]() |
Алматы қалалық ІІД 28-30 шілде аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық шарасын өткізді. |
Екі күн ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері 366 рет жол ережесін бұзған. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, 116 жүргізуші жолда қауіпті бұрылыстар жасаған. 64 жүргізуші телефонмен сөйлесіп, 9-ы жаяу жүргіншілерді өткізбеген. 9 жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс арттырса, 8 адам көлікті рұқсатсыз жабдықтаған, 8 жүргізуші рұқсатсыз жолаушы тасымалдаған, 4 автобустың техникалық қарау қағазы жоқ болып шықты.
Қалалық автопарктің 1 лауазымды тұлғасы көлікті қажетті техникалық қараусыз пайдалануға бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін