Алматыда 20 килограмм зергерлік бұйымдардың контрабандасына тосқауыл қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 20 килограмм  зергерлік бұйымдардың контрабандасына тосқауыл қойылды

Алматыда 20 килограмм зергерлік бұйымдардың контрабандасына тосқауыл қойылды

Алматы. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы Кедендік бақылау департаментінің (КБД) контрабандаға қарсы күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері 20 килограмм зергерлік бұйымдардың контрабандасына тосқауыл қойды. Бұл туралы агенттікке Алматы бойынша КБД баспасөз қызметі хабарлады.

  • 20 Қараша 2007
  • 481
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, шұғыл-іздестіру жұмыстары кезінде Алматы әуежайының VIP-залынан шығып, № 1350 рейсімен Стамбулдан келген 36 жастағы Қазақстан азаматшасы «Лексус» автокөлігіне отырған кезде ұсталды.

Тексеру кезінде, қара түсті арнайы жол биржасы болмаған жол сөмкесінен бес контейнерге сыйып кеткен сары түсті 20 кг 500 г салмағы бар зергерлік бұйымдардың бары анықталды «, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Контрабандаға қарсы күрес департаменті басқармасының бастығы Нұржан Аханбаевтың сөздері бойынша, контрабандалық зергерлік бұйымдардың бағасы 200 млн теңгеден асады.

«Өкінішке орай , Алматы әуежайынан зергерлік бұйымдар жиі тасымалданады. Сондықтан, контрабандалық зергерлік бұйымдардың алдын алып, оны анықтау жұмыстары тиянақты түрде жүргізіледі. Екі апта бұрын заңсыз жолмен 40 келі күміс зергерлік бұйымдарды әкелгендер қолға түсірілді», деді Н. Аханбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті