Жарияланды: 510

Алматыда 27 қыркүйекте жалпықалалық сенбілік өтеді

Алматы. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімдігі "Біз - таза қала үшін" қоғамдық ұйымының жалпықалалық сенбілік өткізу жөніндегі бастамасын қолдады. Бұл акция қала күніне арналып, 2008 жылдың 27 қыркүйегінде өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенбілікке ПИК, бюджеттік ұйымдар мен мекемелердің қызметкелері, жалпы тазалықты жаны сүйетін барлық жандар қатыса алады. Акция қаланың барлық аудандарында бір мезгілде өтеді. Әкімдіктер сенбілікке қажетті құрал - саймандарды, қаптар мен жиналған қоқыстарды тиейтін арнайы көліктерді бөлетін болады. Халық көп жиналған жерлерде қоғамдық тамақтану нүктелері ұйымдастырылады. Аудандар арасындағы жеңімпаздарды анықтау үшін қоғамдық ұйымдар мүшелері енген арнайы комиссия құрылып, олар оза шапқандарды арнайы жүлделермен марапаттайтын болады. "Біз - таза қала үшін" қоғамдық ұйымы 2008 жылдың тамыз айында жалпықалалық сенбілік өткізу туралы бастама көтеріп, оны қала әкімдігі қолдаған болатын. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін