Алматыда 30 -ға жуық әлеуметтік-маңызды нысандар бірнеше сағат бойы суық сусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 30 -ға жуық әлеуметтік-маңызды нысандар бірнеше сағат бойы суық сусыз  қалды

Алматыда 30 -ға жуық әлеуметтік-маңызды нысандар бірнеше сағат бойы суық сусыз қалды

Алматы. 18 қазан. "Қазақстан Бүгін". - Алматыда 30 -ға жуық әлеуметтік-маңызды нысандар бірнеше сағат бойы суық сусыз қалды. Бұл туралы агенттік тілшісіне алматы қалалық "Құтқару қызметінің" баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Қазан 2007
  • 394
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қазанда сағат 10-да «Ақсай 2» ықшамауданында «Супермаркет Ақсай 2» ықшамауданында жер қазу жұмыстары кезінде 200 мм-лік су таратқышқа ақау келді.

«Апат салдарынан «Ақсай-Нан» ЖШС, № 10 емхана, «Надежда» Нәрестелер үйі, № 121, 126 орта мектептер, 20 көп қабатты үй мен № 311, 333 балабақшалар суық судан қол үзіп қалды. 13 сағатта барлық нысандар резерв көздерден су қамтамасыздығына қосылды», — деп түсіндіреді мекмее.

Баспасөз қызметінің атап көрсетуінше, су ағу зардаптарын «Водоканал» ҚКК-ның апаттық тобы жойды. Жөндеу жұмыстарын құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан және апатқа кінәлі «Промер Мухендислин» ашық қоғамы атты түрік фирмасы атқарып шығуға уәде берді. Бұл компания жер қазу жұмыстарын «Водоканал» ҚКК-ның келісімінсіз жүргізгенні белгілі болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті