Алматыда №35 автобусы жол апатына байланысты басқа тасымалдаушыға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда №35 автобусы жол апатына байланысты басқа тасымалдаушыға берілді

Алматыда №35 автобусы жол апатына байланысты басқа тасымалдаушыға берілді

Алматылық«Экспресс транс»компаниясымен №35 автобус бағытына қызмет көрсету бойынша келісімшарт бұзылды. Бұл серіктестіктің жүргізушісі қаланың орталығында ірі жол-көлік апатына себепкер болған, деп хабарлайды Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 3 Маусым 2011
  • 567
Фото - Caravan.kz

«2011 жылдың 2 маусымында «Экспресс транс» ЖШС басшылығы тарапынан жүргізушілерді іріктеу, жолда жүру ережелерін сақтау бойынша жол берілген бұзушылыққа байланысты «Экспресс транс» ЖШС-імен №35-ші автобус бағытына қызмет көрсету туралы келісімшарт бұзылды. Бұл бағыт конкурс өткізілгенше уақытша түрде басқа тасымалдаушыға берілді», — делінген әкімдіктің жұма күні таратқан ақпаратында.

Баспасөз қызметінің еске салуынша, 2011 жылдың 1 маусымында №35 автобус бағытының жүргізушісі Абай даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында ірі жол-көлік апатына себепкер болды, апат кезінде жол полициясы батальоны командирінің орынбасары Әнуар Байтұрыснов ауыр жарақат алды.

«Алматы қаласының ІІД оперативті басқару орталығының сыртқы бақылау бейнекамералары ЖКА-ға мемлекеттік номері А 639 EU, бағыты№35автобустың жүргізушісі кінәлі болғанын тіркеген», — делінген ақпаратта.

«Қазіргі уақытта Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы «Экспресс транс» ЖШС-імен жолаушыларға қызмет көрсету бойынша автобус бағыттарына жасалған келісімшарттарды бұзып, бағыттарды ҚР автокөлік көлігі туралы заңына сәйкес басқа тасымалдаушыларға беру мәселесін қарастырып жатыр. Ал басқа кәсіпорындарда үстіміздегі жылдың маусым-шілде айларында жолаушы көліктерінің жұмысына егжей-тегжей тексеру жүргізіледі».

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 жастағы Руслан Қалиев «Экспресс транс» ЖШС-іне жүргізуші болып 2010 жылдың қырқүйек айында 3 жылдық жұмыс өтілімен қабылданған.

Бұған дейін хабарланғандай, 1 маусымда сағат 10:42-де Абай даңғылымен батыс бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан Daewoo автобусы реттеушінің тыйым салушы белгілеріне қарамастан, жол қиылысынан өтіп кетуге тырысып, солтүстік бағытта келе жатқан Volkswagen Passat қызметтік көлігіне соғылған.

Соққыдан полиция көлігі Фурманов көшесінің қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, оңтүстік бағытта келе жатқан 2 жеке меншік шетелдік көлікке соқтығысқан.

Куәгерлердің айтуынша, апатқа дейін автобустың жүргізушісі басқа автобустың жүргізушісімен Абай даңғылымен жарысып келе жатқан.

Сараптаманың қорытындысы қазір тергеуге алынған жүргізушінің ЖКА жасау кезінде ішімдік ішпегенін көрсеткен.

Алматы жол полициясының батальон командирінің орынбасары Ә.Байтұрсыновтың жағдайы өте ауыр. Операция сәтті өткенімен, дәрігерлер оның өмірі үшін алаңдап отыр.