Алматыда 7 пәтерді тонап кеткен әйел ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 7 пәтерді тонап кеткен әйел ұсталды

Алматыда 7 пәтерді тонап кеткен әйел ұсталды

Алматыда 7 пәтерді тонап кеткен әйел екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 25 Қыркүйек 2017
  • 254
Фото - Caravan.kz

Соттағылардың мәліметінше, әйел жеті пәтерден түрлі мүлікті тонап кеткен.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне қарағанда, ол пәтерлерді 2017 жылдың 9 мамырынан 13 шілдесіне дейінгі аралықта тонап жүрген. Пәтерлерден ұялы телефондар, қымбат бұйымдар, сөмкелер, әмияндар, тіпті usb-модемдер ұрланған. "Таугүл", "Мамыр-3" және "Мамыр-7", "Ақсай-3" және "Ақсай-3А" және № 10 ықшамаудандағы пәтерлер тоналған.

Сот отырысында әйел кінәсін толықтай мойындады. Оған қатысты үкімді Алматының Әуезов аудандық соты шығарды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.


 

Соңғы жаңалықтар