Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің жол және криминалдық полициясы комитеттері 23 — 28-қазан аралығында көлікті айдап әкету және ұрлауға байланысты қылмыстардың алдын алу және ашудағы жедел ахуалды тұрақтандыруға бағытталған «Қақпан» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
Полицейлердің хабарлауынша, бұл кезеңде алматының жол және криминалдық полиция бөлімшелері қала жолдарында қарақшылық шабуыл, тонау, ұрлық және автокөліктерді айдап әкету, қару-жарақтар, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың контарабандасы мен оны тасымалдау деректерінің алдын алуға, анықтау және жолын кесуге бағытталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті