Алматыда 9 балдық жер сілкінісі болса үйлердің 30%-ы қирауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 9 балдық жер сілкінісі болса үйлердің 30%-ы қирауы мүмкін

Алматыда 9 балдық жер сілкінісі болса үйлердің 30%-ы қирауы мүмкін

Алматыда 9 балдық жер сілкінісі болса, тұрғын үйлердің 30% қирауы мүмкін.

  • 23 Ақпан 2023
  • 5
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Иә, мен Алматының республикамыздағы ең бір сейсмикалық қауіпті өңірлердің бірі екені туралы пікрілермен келісемін. Қала 27 қауіпті техногендік плитаның қосындысында орналасқан. Бұл негізінен қаланың таулы аудандары. Өзгелеріне қарағанда барынша қауіпсіз аудан – Түріксіб ауданы. Қалған Медеу, бостандық аудандары, басқалары да плиталардың қосындысында орналасқан. Бұл орындарда қауіп айтарлықтай жоғары. Жер сілкінісі бола қалса, қаланың 60-70 пайызы қирандыға айналады деген пікірмен келісе алмаймын. Бірақ болжау деректері бойынша, 9 және одан да жоғары апаттық зілзала болған жағдайда тұрғын ғимараттары 30% дейін қирауы мүмкін. Осыдан-ақ қандай шығын келетінін есептеуге болады», – деді Ибрагим Күлшімбаев.

Соңғы жаңалықтар