Алматыда айыппұл төлемеген жүргізушілердің автокөлігі тартып алынатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда айыппұл төлемеген жүргізушілердің автокөлігі тартып алынатын болады

Алматыда айыппұл төлемеген жүргізушілердің автокөлігі тартып алынатын болады

Алматыда айыппұл бойынша қарызы бар азаматтардан автокөлігі тартып алынады деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

  • 29 Қараша 2018
  • 12
Фото - Caravan.kz

Алматыда «Борышкер» шұғыл-алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр, деп жазды sn.kz

«Шараға заңбұзушылық бойынша есеп базасы, «КРИС-П», «ПОТОК-М» мобильдік кешендері, жеке меншік сот атқарушылары, қаладағы прокуратура органдарының қызметкерлері тартылды. Әкімшілік айыппұл төлемеген жүргізушілер анықталғанда, көлік құралы тартып алынып, мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылады. Салынған айыппұл толық төленгенде, тұтқындалған көлік құралы айыппұл тұрағынан шығарылады», – дейді Алматы әкімішілік полиция басқармасының басшысының орынбасары, полиция полковнигі Еркін Өтегенов.

Қалалық полиция департаменті көлік иелерін салынған әкімшілік айыппұлды дер кезінде төлеуге шақырды.


Соңғы жаңалықтар