Алматыда академик Мұхтар Әлиев дүниеден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда академик Мұхтар Әлиев дүниеден өтті

Алматыда академик Мұхтар Әлиев дүниеден өтті

 Алматыда белгілі дәрігер,  хирург, медицина ғылымдарының докторы, академик Мұхтар Әлиев 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

  • 12 Қаңтар 2015
  • 640
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне  А.Сызғанов атындағы Ұлттық Ғылыми хирургия орталығының бауыр аурулары хирургиясы бөлімінің бас ғылыми қызметкері Манас Сейсембаев хабарлады.

«Бұл оқиға бүгін таңертең болған», — деді М. Сейсембаев.

Оның айтуынша, М. Әлиевпен қоштасу 13 қаңтар күні сағат 10:00-да Алматыдағы Ғылым академиясының ғимаратында өтеді.

Мұхтар Әлиев 1933 жылы 2 ақпанда Қызылорда облысында  дүниеге келген. 1957  жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1982-1987 жылдары Қазақ КСР денсаулық сақтау министрі, А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының директоры болды.