Алматыда әкімдік ғимаратын жармақ болған азамат мұндай қадамға не үшін барғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда әкімдік ғимаратын жармақ болған азамат мұндай қадамға не үшін барғанын айтты

Алматыда әкімдік ғимаратын жармақ болған азамат мұндай қадамға не үшін барғанын айтты

Бүгін Алматының бүкіл шұғыл қызметі аяғынан тік тұрды. Күндізгі 12-лер шамасында қалалық әкімдіктің ғимаратына белгісіз азамат кіріп кетіп, «менде бомба бар» деп қорқытқан. Артынан әкімдік ішіндегі бөлмелердің біріне кіріп алып, «ғимаратты жарамын» деп жұртты дүрліктірді.

  • 14 Қаңтар 2015
  • 312
Фото - Caravan.kz

Шенеуніктермен бірге әкімдіктің қарсы бетіндегі кеңселердің де адамдары шұғыл сыртқа шығарылды. Ондаған жеке компанияларды айтпағанның өзінде бұл ғимаратта 4 бірдей республикалық телеарна мен 5 радиостанция ұжымы отыр. Ал әкімдік қызметкерлері мен құтқарушылар іштегі азаматпен екі сағаттай келіссөз жүргізді. Оқиға орнында болған біздің тілшілер де ол жігітпен телефон арқылы байланысты. Өзін Евгений деп таныстырған азамат осылайша соттың әділетсіз шешіміне қарсылық білдірмек болғанын айтады.

— Ғимаратқа күзеттен қалай өттіңіз?

— Кәдімгідей өтіп кеттім.

— Сізде сөмке әлде пакет болды ма?

— Шамадан.

— Тротилді қайдан алдыңыз?

— Ешқандай проблеме емес.

— Қанша тротил?

 — 23 келі.

Жігіттің айтуынша, жасы 37-де. Алматыдағы әскери училищеде оқыған екен. Шабадан толы бомбаны да сол жақтағы достарымнан алдым дейді. Ақыр соңында екі сағат бойы елді дүрліктерген азамат тысқа шығып, полицейлерге өзі берілді. Қолында ешқандай да бомбасы болмапты. Енді ол бұл әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.