Жарияланды: 570

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен Камерун азаматтары қамауға алынды

Алматы. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің (қаржы полициясы) қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Камерун азаматтарын қамауға алды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Мбатчами Танк Блэйс Станислас пен Тчохотэ Серж Алматыда алаяқтықпен айналысқан. Олар ниет танытқандарға жарты бағасына "қара" долларлар сатқан. "Қара бояуды ағарту мақсатында қылмыскерлер жәбірленушілерге арнайы химиялық заттар ұсынған. Сенім тудыру үшін олар жәбірленушілердің көз алдында қара қағазды әртүрлі химиялық заттармен өңдеп, оны алмастыру жолымен нағыз АҚШ долларларын көрсеткен. Осылайша, олар жәбірленушілерге қара қағаздан нағыз долларлар жасап алуға болады деген сенім туғызған", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Әрі қарай жәбірленушілер өз ақшаларына қылмыскерлердің нағыз АҚШ доллары деп сатқан боялған қара қағаздарын төмендетілген бағамен сатып алған. Қазіргі таңда алаяқтардан зардап шеккен Алматы қаласының 5 тұрғыны жайлы мәлімет бар. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін