Алматыда әлеуметтік желідегі видеодан кейін Lexus жүргізушісі жауапқа тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда әлеуметтік желідегі видеодан кейін Lexus жүргізушісі жауапқа тартылды

Алматыда әлеуметтік желідегі видеодан кейін Lexus жүргізушісі жауапқа тартылды

Алматыда әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін көлік тізгіндеген әйел жауапқа тартылды.

  • 20 Желтоқсан 2021
  • 1652
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Кейінгі аптада жүргізушілердің бірі түсірген видео Instagram-да тарады. Видеода ер адам жолда өткізбей тұрған Lexus көлігін тізгіндеген әйелге шағымданады.
 

Ол "мен — полиция қызметкерімін" дейді. Міне, осындай адамдар да болады. Кедергі оң жақта, бірақ ол жібергісі келмейді", — делінген видеода.

Мені де түсіріп алды. Егер көліктегі қыз полиция қызметкері болса, оның логикасы бойынша, қозғалысы ережелеріне мән бермей, барлық жерде жол беру керек пе?", — делінген видеодағы жазбада.

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында видео жарияланғаннан кейін полицейлер жүргізушінің жеке басын анықтағанын жазды. Ол 1980 жылы туған әйел болып шықты.

"Азаматша Т. ӘҚБтК туралы ҚР 614-бабы 1-бөлігінде көзделген ("Көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасау") бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды", — деп жазды Әбдірахманов.

Ол құқық қорғау органдарының қызметкері ме деген сұрақты Алматы ПД бастығының орынбасары нақтыламады.