Алматыда «Алма-Ата» дәмханасының жазғы алаңы өртке оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Алма-Ата» дәмханасының жазғы алаңы өртке оранды

Алматыда «Алма-Ата» дәмханасының жазғы алаңы өртке оранды

Алматыда «Алма-Ата» дәмханасының жазғы алаңы өртке оранды. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады. 

  • 5 Тамыз 2015
  • 440
Фото - Caravan.kz


«Таңертеңгі сағат 10.26-да Рысқұлов көшесі мен Құлжа тас жолының қиылысында орналасқан «Алма-Ата» дәмханасының жазғы алаңы өртеніп жатыр деген хабар түсті. Оқиға орнына 4 техника шықты. Өрт сағат 10.54-те сөндірілді», — деді Сандуғаш Баймұхамбетова.
Оның айтуынша, қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты қамтыған. 
Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.