Бүгін Алматының Орталық мәдениет және демалыс саябағында Аналар күні мерекесі атап өтілді. «Жетінші арна» ұйымастырған аталмыш мәдени шара таңғы сғат 10:00-де басталып, 17:00-ге дейін жалғасты. Мереке барысында жаңа рекорд жасалды. Жиналған жұртшылық үшін пісірілген бауырсақтардың жалпы салмағы 856 келіге жетті! Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 186 келі артық! Бүгінгі мерекелік бауырсақтарды пісіруге барлығы 650 кг ұн, 650 литр өсімдік майы, 450 литр су, 15 кг тұз және 15 кг қант жұмсаллды.
Бүгін әсіресе енелер мен келіндерден құралған командалар арасындағы аспаздық жарыс, мерекенің көркіне айналды. Бір ене бір келіннен тұратын жеті жұп бауырсақ пісіруге кірісті. Оларды тәуелсіз сарапшылармен қатар, Лондоннан арнайы келген Гиннестің рекордтар кітабы ұйымының ресми өкілі Пателья Правина мұқият бақылап отырды.
Ал жүргізушілер: Нұртас Адамбаев келіндерге, ал Аша Матай енелерге болысып, жарысты одан сайын қыздыра түсті.
Өз сөзінде аналарды құттықтай келе Нұртас Адамбеков: «Мұн мұндай мерекенің бар екендігін бұрын білмеппін. Енді оның да біздің елде танымал болып жатқанына өте ризамын. Өйткені, адам өмірінде, баланың өмірінде ананың алатын орны ерекше. Оның еңбегін өмір-бақи ақтау керек. Мұндай мереке жыл сайын кең көлемде аталып өтуі тиіс деп ойлаймын. Барлығымыз аналарымызды қашанда қадір тұтайық», деді.
Мереке барысында сондай-ақ, белгілі әншілер Дилани, Роза Мұқатаева, Тұрар Рахымберлин және Altygirls тобы және басқа да орындаушылардың қатысуымен мерекелік концерт өтті.
Мереке қонақтарына естелік ленталар мен жеті түрлі қоспадан жасалған тәтті тоқаштар үлестірілді. Сонымен қатар тәжірибелі стилистер мен макияж жасаушылар әйел азаматтар арасында шеберлік сыныптарын өткізді. Ал балаларға арналған үйірмеде мамандар балалардың беттеріне, қолдарына аквагримдік суреттер салып берді.







