Алматыда арақ пен вискиді қолдан жасайтын цех табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда арақ пен вискиді қолдан жасайтын цех табылды

Алматыда арақ пен вискиді қолдан жасайтын цех табылды

Алматыда астыртын арақ-шарап шығаратын цех әшкереленді. Заңсыз өндіріс орны халық арасында кеңінен танылған сауда белгілерінің атын жамылып, алкогольдік өнімнің түр-түрін жасаумен айналысқан.

  • 2 Шiлде 2015
  • 281
Фото - Caravan.kz

Алғашында бір азамат арақты 10 мың 500 теңгеге сатып жатқан жерінен ұсталған. Артынша мемлекеттік кіріс департаменті жүргізген жедел тексеріс барысында тұтас алкоголь цехы әшкереленді. Заңсыз кәсіпорын Алғабас ауылында орналасқан. Иелері арақ-шарапқа жалған акциздік маркалар жабыстырып сатыпты. Цехтан сатуға дайын тұрған жүз шақты виски табылды. Бұған қоса, 200-ге жуық жалған есептік бақылау маркалары мен спирттік өнімдердің ыдыстары да бар.