Алаяқ әйел бұрын да осындай қылмысы үшін жазасын өтеу орнында отырып шыққан.
Еш жерде жұмыс істемейтін әйел жұртқа өзін жылжымайтын мүлік сарапшысы ретінде таныстырып келген.
«Ол азаматтарды тиімді ақшаға арзан бағамен үй алып беремін деп сендіріп келген. Бұл «мүмкіндік» туралы адамдар бір-бірінен естіп, бірте-бірте үлкен клиенттік база қалыптасты. Олар әйелге қалтқысыз сеніп, ірі көлемде ақшаны ойланбастан беріп отырған», — деді Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының бөлім басшысы Мұрат Қаспақбаев.
Келіншек адамдардан ақша алғандығын мойындап отыр. Бірақ ол қарызға алдым деп жалтарған.
«Оның әрекетінен жапа шеккен адамдардың саны 15-тен де артық болуы мүмкін. Оны таныған адамдар болса, полицияға келуін болмаса 298-53-71, 298-53-72 телефон нөмірлері бойынша хабарласуларын өтінеміз», — деді полиция қызметкері.



