Алматыда атыс қаруы қайта жасалатын жасырын цех анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда атыс қаруы қайта жасалатын жасырын цех анықталды

Алматыда атыс қаруы қайта жасалатын жасырын цех анықталды

 

  • 15 Қараша 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz

Алматы полицейлері атыс қаруын қайта жасаумен айналысқандардың жасырын цехын анықтады, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталған мәліметті  Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі жарияладды. .

"Алматы қаласы Медеу ауданының екі тұрғыны ұсталды, олардың тұрғылықты жерінде көп әртүрлі атыс қаруы, оқ-дәрі мен қаруды қайта жасау кезінде күдіктілер пайдаланған заттар табылып, тәркіленді. Олар ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қару-жарақ, бөлшектер мен оқ-дәрілер бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды", — деді Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары полиция полковнигі Берік Әбілбеков.