Алматыда әуежайда жаңа терминал мен британиялық университеттің филиалы салынады: Сағынтаев инвестициялар жайлы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда әуежайда жаңа терминал мен британиялық университеттің филиалы салынады: Сағынтаев инвестициялар жайлы айтты

Алматыда әуежайда жаңа терминал мен британиялық университеттің филиалы салынады: Сағынтаев инвестициялар жайлы айтты

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев 25 маусымда ОКҚ баспасөз конференциясында биылғы инвестициялық жобалар туралы хабарлады. Оның сөзінше, бұл жобалардың арқасында 10 мың жұмыс орны құрылады.

  • 25 Маусым 2021
  • 47
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматы сыртқы инвестиция көлемі қаңтар-мамырда 57,6 млрд теңгені (НКИ — 119,3%), ішкі инвестиция — 297,8 млрд теңгені (НКИ -135,7%) құрады. 2021-2024 жылдарға арналған 201 инвестициялық жобалардан 4,5 триллион теңгенің пулы құрылып, 35,4 мың жұмыс орны ашылды", — деді Алматы әкімі.

Оның айтуынша, 2021 жылы 10 мың жұмыс орнын құруға қатысты жалпы жобалық құны 314,5 млрд теңгені құрайтын 84 инвестициялық жобаны мына салаларды іске қосу жоспарлануда:

— жылжымайтын мүлік — 176,7 млрд теңгеге 32 жоба;
— өнеркәсіп — 41,5 млрд теңгеге 17 жоба;
— сауда және қызмет көрсету — 38,7 млрд теңгеге 19 жоба;
— әлеуметтік жобалар — 57,6 млрд теңгеге 16 жоба.

Оның ішінде зәкірлі жобалар

— жақын арада халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысын бастау жоспарлануда (85 млрд теңгеге жалпы ауданы 50 мың шаршы метр болатын).Терминал іске қосылғанда жолаушылар ағыны жылына 6 миллион адамға артады әрі өткізу қабілеті 2,5 есе ұлғаяды;

— Елбасының тапсырмасы бойынша Алатау ауданында "Самұрық-Қазынаның" есебінен жұқпалы аурулардың Ұлттық ғылыми орталығын (350 орынды) салу;

— қыркүйек айында де Монфорт-Қазақстан Университетінің филиалын ашу жоспарланып отыр, ол британдық білім алуға мүмкіндік береді, сонымен бірге алдағы 5 жылдағы инвестиция көлемі 50 миллион АҚШ долларын құрайды;


— "Алатау" инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында 2 мың студентті оқыту үшін Nazarbayev University-ің "Жасанды интеллект мектебі" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласында зерттеулер жүргізуге арналған зертхана" жобаларын іске асыру.

"Бұлардан өзге, кореялық серіктестерді тартып, 300 төсек-орынды халықаралық клиника салу жобасы пысықталуда. 250 тұрақты жұмыс орны құрылады, инвестиция көлемі — 38,7 млрд теңге және аустралиялық VAMED компаниясымен бірге 200 төсек-орынды көпбейінді аурухана салынады, инвестиция көлемі – 90 млн доллар. инвестициясын тарту жоспарлануда", — деп қосты ол.