Алматыда ауыл тұрғындарын несиелендіру бойынша бағдарлама жүзеге асырылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ауыл тұрғындарын несиелендіру бойынша бағдарлама жүзеге асырылмақ

Алматыда ауыл тұрғындарын несиелендіру бойынша бағдарлама жүзеге асырылмақ

Алматыда енді жақын болашақта ауыл тұрғындарын несиелендіру бойынша бағдарламажүзеге асырылмақ.

  • 3 Желтоқсан 2013
  • 320
Фото - Caravan.kz

Ал инвесторлар үшін тартымды 3 бағыт бар. Бұл туралы бүгін қалада өтіп жатқан І Халықаралық Алматы инвестициялық форумында айтылды.

«Нобель сыйлығының иегері, бангладештік банкир, экономика профессоры Мұхаммед Юнус көтерген шағын несиелеуді ұйымдастыру туралы айтқанда Қазақстандағы «Бизнестің жол картасы — 2030» бағдарламасын тілге тиек етуге болады. Онда ауылдық жердегі несиелендіру туралы арнайы бағыт бар. Ол сәтті жүзеге асып жатыр. Ондағы несиенің қайтарымдылығы 90 пайызды құрайды. Енді Алматы үшін арнайы бағдарламаны қарастырамыз», — деді ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов.


Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің айтуынша, Алматыға қарасты аумақта қазір 30 ауыл бар. Алдағы уақытта қала аумағы тағы кеңеймек. Сондықтан шағын несиелеуді ұйымдастыру Алматы үшін де өте маңызды. «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы аясында енді шағын несиелеу ұйымы құрылатын болады.