Жол апаты 20 қазанда таңғы сағат 5.50-де болған. Полицияның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
"1982 жылы туылған жүргізуші автобусты басқарып, Мустафин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Орбита-1 шағын ауданындағы 21 үйге қарама-қарсы бағытта келе жатып, тоқтаған кезде жол бойында тұрақта тұрған көліктерді қағып кетті. Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімінде тергеу жүргізілуде", — деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Апаттың нәтижесі туралы видео әлеуметтік желілерде жарияланды.