Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция өкілдері оқиға 14 желтоқсанда болғанын растады.
"Түрксіб ауданында FOTON маркалы автобусты Құлжа тасжолында оңтүстік бағытта келе жатқан. Ол оңға бұрылған сәтте жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан зардап шеккен 1998 жылы туған азаматша ауруханаға жеткізілді. Алған жарақат салдарынан ол ауруханада қайтыс болды", — делінген хабарламада.