Алматыда "Авторадио" кеңсесінде жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын хабар келіп түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Авторадио" кеңсесінде жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын хабар келіп түсті

Алматыда "Авторадио" кеңсесінде жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын хабар келіп түсті

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "Авторадио" кеңсесінде жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын хабар келіп түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 3 Шiлде 2008
  • 413
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, Алматыда 2 шілдеде 10 сағат 15 минутта «02» пультіне «Теңіз Тауэр» атты 120 пәтерлі тұрғын үйде (Сәтпаев көшесі 30 «а», Бостандық ауданы) орналасқан «Авторадио» кеңсесінде жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын хабар келіп түсті. Ғимараттан 300 адам сыртқа шығарылды.

Арнаулы шаралар барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті