Алматыда әжесі балдақпен сабаған мүгедек қыз ауруханаға жатқызылды
Алматыдағы №2-ші балалар үйінің тәрбиеленушісі, сал ауруы (церебральный паралич) бар 6 жасар қыз бала, Ресейден келген туған әжесі балдақпен ауыр жарақат салуы себепті ауруханаға жатқызылды. |
«Қазір 1-ші балалар клиникалық ауруханасында емделіп жатқан баладан дәрігерлер бас сүйегінің жарақатын,миының шайқалғанын және бірқатар айтарлықтай жарақаттарының барлығын анықтаған», - деп құқық қорғау органындағы дереккөз хабарлады.
Олардың айтуынша, таяқ жеген қыз баланы жедел жәрдем сенбі күнгі түнгі 1-лер шамасында оның анасының Сайн көшесіндегі үйлердің біріндегі пәтерінен алып кеткен.
Сұхбатшыларымыздың айтуынша, баланың анасы бұрындары есірткі үшін сотталып, 5 жыл бұрын аналық құқығынан айрылған екен.
Өзінің немересін ұрған Томскі облысының (РФ) тұрғыны, 73 жасар зейнеткерден оқиғаны тексеру аяқталмайынша, ешқайда кетпейтіндігі туралы қолхат алынды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін