Жарияланды: 330

Алматыда балалар үйінің тәрбиленушілері тегін медициналық тексеруден өтуде

Бала денсаулығы қатаң медициналық бақылауды қажет етеді. Алматыда бір аптадан осындай атпен қайырымдылық акциясы өтуде. Шараны Санжар Асфендияров атындағы медициналық университетіне қарасты клиникалық орталық ұйымдастырып отыр.

Білікті мамандардың тегін көмегін бірінші «Жаңа ұя» балалар үйінің тәрбиеленушілері алуда. Мұндағы балалардың физилогиялық, неврологиялық жүйесінен бастап, ішкі ағза құрылысы түгел тексеріліп шыққан. Нәтижесінде бақылаудан өткен балалардың 80 пайызының денсаулығы ары қарай емделуді қажет ететіндігі анықталып отыр. Орталық енді 30 баланың емделуін де тегін жүргізбек.

Мырзаәли Тәшімбетов, С.Асфендияров атындағы клиникалық білім беру орталығының бөлім меңгерушісі:

- Ары қарай біздің осы клиникада орналасқан профессор ұйымының мамандары қарап, емін жазып, емдейміз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін