Алматыда баласын жетектеген әйелді көлік қағып кетті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда баласын жетектеген әйелді көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Алматыда баласын жетектеген әйелді көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Алматыда баласын жетектеген әйелді көлік қағып кетті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

  • 27 Қазан 2015
  • 432
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 50 жас шамасындағы әйел 7 жасар қыз баланы жетектеп Іле ауданындағы Жансүгіров көшесіндегі жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан. Көліктердің жартысы жол берген соң, кідірместен өтіп бара жатқан екеуін БМВ көлігі келіп қағады. Қатты соққыдан екеуі екі жаққа ұшып, тас жолға құлаған. 
Аталған дерек бойынша қазір ҚР ҚК 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 1994 жылы туылған жүргізуші қазір түсініктеме беріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.