"Үйдің ауласында бақбақтар гүлдей бастады. Кейбіреулері сары түсті гүлдермен", — дейді алматылық тұрғын.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматыда жылы ауа райы сақталып тұр. Gismeteo.kz мәліметінше, бүгін, 14 қарашада ауа температурасы 13 градус жылы.
Сондай-ақ, метеосервистің мәліметінше, келесі аптада Алматыда ауа температурасы күндізгі уақытта +17 болып, ал түнде +11 градус жылы болады.
Ал желтоқсан айында ауа температурасы күндізгі уақытта 20 градусқа дейін жоғарылап, түнде +14 градус болады.