Алматыда белгісіз біреулер генерал Панфиловтың немересін соққыға жыққан - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда белгісіз біреулер генерал Панфиловтың немересін соққыға жыққан

Алматыда белгісіз біреулер генерал Панфиловтың немересін соққыға жыққан

Алматыда белгісіз біреулер Кеңес Одағының батыры Иван Панфиловтың немересі, белгілі композитор Бақытжан Байқадамовтың қызы Айгүл Байқадамованы соққыға жыққан.

  • 3 Сәуiр 2015
  • 869
Фото - Caravan.kz

“Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-ші бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, — деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.
ІІД бұл оқиғаның анық-қанығын баяндап беруден бас тартты.
Әлеуметтік желілердегі ақпарға сүйенсек, оқиға бейсенбі күні 67 жастағы А.Байқадамованың үйінің жанында болған. Бірақ қаскөйлер әжейдің ештеңесін алмаған.