Алматыда бір компанияның қызметкерлері қарақшылық шабуылды жалған сахналады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бір компанияның қызметкерлері қарақшылық шабуылды жалған сахналады

Алматыда бір компанияның қызметкерлері қарақшылық шабуылды жалған сахналады

Алматы. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда бір компанияның қызметкерлері қарақшылық тонауды жалған сахналады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 7 Қараша 2008
  • 360
Фото - Caravan.kz

«Қалалық ІІД криминалдық полициясы мен Медеу АІІБ қызметкерлері «Окан Констракшн» ЖШС-нің екі қызметкерін ұстады», — деп хабарлайды ақпарат көзі.

Еске сала кетейік, 24 жастағы есепші мен 26 жастағы күзетшіге осыдан үш күн бұрын Алматыда Төлебаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысында қарақшылық тонау жасалған болатын.

«Полиция қызметкерлерінің анықтағанындай, қарақшылық шабуыл оқиғасының авторы есепші болған. Оқиға сенімді шығуы үшін ол өзі мен күзетшіні қорғаныс мақсатындағы «Оса» тапаншасымен атқан. Жалған жәбірленушілердің сыбайластары шабуылшы рөлін атқарған. Олар бұл қойылымды9,5 млн теңге салынған сөмкені иемденіп алу үшін ұйымдастырған», -дейді ақпарат көзі.

Сөйтіп, есепші мен күзетші тергеу абақтысына қамалды. Тәртіп сақшылары олардың сыбайластарын анықтау үстінде. Ұрланған ақшаның басым бөлігі тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар