Жарияланды: 490

Алматыда бір рецидивист көлік тонап жатқан жерінен ұсталды

Алматы полициясы автокөліктен Т110 мың, фотоаппарат, ұялы телефон, құжаттар ұрлап кеткен Рудның қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Полицияның хабарлауынша, ұсталған азаматтың сыбайласы болған. «А. деген азаматтың Наурызбай батыр көшесіндегі үйдің ауласында ішінде әйел отырған «Тойота» көлігіне көзі түскен. Қаскүнемдер ары қарай өздері бөліскен рольдері бойынша әрекет еткен: біреуі әйелден көше нұсқауды сұрап, оның назарын аулаған, екіншісі автокөліктің салонынан сөмкені алып шыққан, оның ішінде 110 мың теңге, фотоаппарат, ұялы телефон және құжаттар болған. Алайда ер адам көзге түспей қашып кете алмады. Әйел көршілерді көмекке шақырған, олар болса, полицияға хабарласқан», - деп мәлім етті ІІД патрульдік полиция полкінің командирі Нұржан Нұрғалиев. Осыдан кейін бірнеше патрульдік экипаж аумақты тексеруге кіріскен. Олар көрші үйдің ауласында қоқыс контейнерінің қасында тұрған адамды көрген, соңғысы полиция көлігін көргенде әбігерге түскен. «Тәртіп сақшылары күдікті адамды тексеру туралы шешім қабылдады. Олар көліктерінен шығып жатқанда ер адам қаша жөнелген. Ол жейдесінің астына ұрланған сөмкені жасырған болып шықты. Бұлтартпас заттай айғақ тәркіленіп, Алмалы аудандық ІІБ біреудің мүлікн ұрлау фактісі бойынша қозғаған қылмыстық іске тіркелді», деді Н.Нұрғалиев. Оның айтуынша, қазір оперативті қызметкерлер қылмыскердің сыбайласын іздестіріп жатыр. ІІД-нің хабарлауынша, фигуранттың басқа ұқсас қылмыстарға қатыстылығы да тексеріледі. Сондай-ақ, алдын ала тергеу аясында ол есірткі заттарын тұтыну бойынша медициналық тексеруден өтеді. Ол бұрын ұрлық пен топтасып жасалған қарақшылық шабуыл үшін сотталған болып шықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін