Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 10 маусым күні 4 540 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 10 маусымы аралығында қалада барлығы 329 671 адам екпе алды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер — 31 319.
Қалада 211 егу пункті жұмыс істеп тұр. 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
«Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пунктері жұмыс істейді» — деп нақтылады басқармадан.
«Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 51 698 дозасы және екінші компоненттің 103 449 дозасы бар» — деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.