Алматыда бір топ "кассир" сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бір топ "кассир" сотталды

Алматыда бір топ "кассир" сотталды

Олар 3 миллиард теңгеден астам салық төлеуден жалтару қызметтерін көрсеткен.

  • 3 Ақпан 2022
  • 53
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласы бойынша қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті жалған шот-фактуралар мен бастапқы есеп құжаттарын берумен айналысқан топты ұстады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Топтың құрамына 7 адам кірген, оны Болат Қ.Қыстаубаев У деген қос азамат басқарған. Олар материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактуралар мен бастапқы есеп құжаттарын шығарумен айналысқан. Қазір қылмыстық топқа және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Аталған тұлғалар 2018-2020 жылдар аралығында өздерінің бақылауындағы 4 компания арқылы коммерциялық ұйымдарға жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден астам салық төлеуден жалтару қызметтерін көрсеткен.

Сотталушылардың тұрғылықты жерінде тінту жүргізу барысында жалпы салмағы 849 грамм болатын «марихуана» есірткі затын өсіру фактісі де анықталды.


Сот үкімімен сотталушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға 3 жылдан 4,8 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Заңсыз есірткінің табылуы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезекпен Алматы қаласы ІІД-не берілді.

Соңғы жаңалықтар